$ 461.37
 542.16
 6.14

Түркістанда 41 жастағы әйел үшемді дүниеге әкелді

Редактор
23.04.2026, 15:28
Фото: денсаулық сақтау басқармасы
Фото: денсаулық сақтау басқармасы
Дәрігерлердің айтуынша, үшем отбасында 15 жылдық үзілістен кейін дүниеге келген сәбилер.

Сәбилерге Айқын, Айдын және Арсен есімдері берілді. Түркістан қаласындағы № 3 облыстық перинаталдық орталықта 41 жастағы Марина Жұрымбаева үш ұлды дүниеге әкелді. Жүктілік мерзімі 32 апта болған. Босану кесар тілігі әдісімен өтті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ұл балалардың салмағы 1715, 1955 және 1999 грамм болды.

Шала туғандықтан нәрестелер өмірінің алғашқы тәулігінде тыныс алу аппаратына қосылып, жансақтау бөлімшесінде 10 тәулік дәрігерлердің бақылауында болды. Жағдайлары тұрақталған соң сәбилер анасымен бірге арнайы күтімді қажет ететін нәрестелер бөліміне ауыстырылды, — делінген ведомство ақпаратында.

Әкесі сәбилерге Айқын, Айдын және Арсен есімдерін берді. Отбасында бұған дейін бір ұл мен бір қыз тәрбиеленіп отыр.

Дәрігерлердің айтуынша, үшем отбасында 15 жылдық үзілістен кейін дүниеге келген сәбилер.

Нәрестелер 35 тәуліктен кейін анасымен бірге қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды.