Түркістан облысында тойда бұрынғы келінін ұрған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Сотталушы Х. 31.08.2025 жылы сағат 21:23 шамасында Төлеби ауданында орналасқан "Зағамбар" тойханасында бұрынғы келіні – жәбірленуші Т.-ның тойда өлең айтып тұрғанын көріп, оған күш қолданған", - деп жазылған хабарламада.
Салдарынан жәбірленушінің мойны, білек және көкірек айналасы көгерген.
"Сотталушы жалпы болған жәйтты жоққа шығармай, оған өкініп, тек тағылған айыппен келіспей, өзінің әрекетін Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 2-бөлігінің 5) тармағына саралап, айыппұл салуды сұрады", - дейді облыстық сот.