Басты айыпталушылар – бөлім басшылары мен бас бухгалтер. Олар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, кейбіріне жазаны өтеуді кейінге қалдыру тәртібі қолданылған.
Сонымен қатар, 43 мектептің бухгалтері де қаражат жымқырды деген айыппен жауапқа тартылды. Олардың 34-і 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге сотталды, 12-сі нақты түрмеге қамалды.
Мемлекетке 800 миллион теңге қайтарылған. Қалған шығынды өндіру мәселесі азаматтық сот арқылы шешілмек.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.