Саясат

Тоқаев Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды

14:14, 16 маусым 2025 18

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Трапта Құрмет қарауылының ротасы сап түзеді. Мәртебелі мейманға Қазақстан мен Қытай туларын ұстаған жеткіншектер қошемет көрсетті.

Елорда әуежайының терминалында Төраға Си Цзиньпинге балалар қазақ және қытай тілдерінде сәлемдесіп, күтіп алды.



Содан соң өнерпаздар қос халықтың ұлттық билерін билеп, ерекше ілтипат білдірді.

 

 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз