$ 474.08
 558.28
 6.26

Тоқаев Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

Редактор
16.04.2026, 17:13
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Ақорда.

"Президент Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысып, панелдік сессияда сөз сөйлейді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған.

Анталия форумы – жыл сайын саяси көшбасшылар, дипломаттар, сарапшылар, бизнес, медиа және азаматтық қоғам өкілдері бас қосатын жоғары деңгейдегі халықаралық пікірталас алаңы.