Аймақ

Таразда қарындасын қорқытпақ болған жасөспірім көз жұмды

14:16, 04 тамыз 2025 491

Таразда қарындасын қорқытпақ болған 15 жастағы жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Бейресми деректерге сүйенсек, оның өмірімен қош айтысуына қарындасымен болған жанжал себеп болған. Қыз бала ағасына ашуланып, анасына шағымданатынын айтып қорқытқан.

HALYQSTAN телеграм-арнасының ақпаратынша, марқұм қаладағы №27 орта мектептің оқушысы болған. Отбасы толық емес: анасы жұмыссыз, ал әкесі ажырасқаннан кейін бөлек тұрады. Үйде одан бөлек тағы үш кәмелетке толмаған бала тәрбиеленіп жатыр. Қаза тапқан жасөспірім — үйдегі үлкені.

Қайғылы күні ол қарындасымен телефон ойынына байланысты сөзге келіп, оны ұрып жіберген. Сіңлісі болса, анасына айтып қоямын деп қорқытқан.

Куәгерлердің айтуынша, біраз уақыт өткен соң қыз бала ағасын аулада ағашқа асылып қалған күйде тауып, жедел жәрдем шақырған.

Болжам бойынша, бала шын мәнінде өз-өзіне қол жұмсағысы келмеген, тек қарындасын қорқытпақ болған. Алайда оқиға қайғылы аяқталды.

Қазір оқиғаның мән-жайын тергеу органдары анықтап жатыр. Қылмыстық іс «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша тіркелген.

 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз