Аймақ

Таразда 14 жастағы жасөспірімді көлік қағып кетті

14:18, 13 қаңтар 2026 29

Тараз қаласында Mercedes көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде 14 жастағы жасөспірімді қағып кеткен. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Жасөспірім түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін полиция қажетті тергеу және тексеру шараларын жүргізуде.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері 21 жастағы жүргізушіні полиция бөліміне жеткізді. Көлік айыптұрағына қойылды, – деді Тараз қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз