Әлем

Стамбұлдағы жер сілкінісі кезінде қатты қорыққан Өзбекстан азаматы көз жұмды

10:07, 25 сәуір 2025 22

Стамбұлдағы магнитудасы 6,2-ні құраған жер сілкінісі кезінде қатты қорыққан Өзбекстан азаматы көз жұмды. Бұл туралы Өзбекстанның Түркиядағы бас консулдығы мәлімдеді деп хабарлайды bairaqmedia.kz

2025 жылы 23 сәуірде Стамбұлда тұратын жерлесіміз жүрек жетікіліксіздігінен көз жұмды.  Бұл қайғылы жағдай зілзала кезінде жоғарғы қабатта болған азаматтың қатты үрейге салынуы салдарынан болған», - делінген Өзбекстанның Түркиядағы бас консулдығының хабарламамасында.

Өзбекстанның Стамбұлдағы бас консулдығы марқұмның денесін өз еліне жеткізу үшін қажетті консулдық, құқықтық және ұйымдастырушылық шараларды қолға алған.

Еске салайық, сәрсенбіде Стамбұл қаласының маңында 6,2 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді. Оның ошағы Мәрмәр теңізінде орналасқан. Сейсмологтардың айтуынша, зілзаладан соң 200-ден аса афтершок тіркелген. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз