Қоғам

Шерзаттың ағасының өліміне қатысты тергеу неліктен тоқтады - прокуратураның жауабы

10:47, 08 тамыз 2025 95

Алматы облысының прокуратурасы Kazinform сауалына жауабында Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты тергеу неліктен тоқтағанын түсіндірді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Облыстық прокуратура жауабына сәйкес, Алматы облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы Н.Ғайыпбаевтың өлімі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-баптың 1-бөлігімен (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) тіркелген қылмыстық іс аясындағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтаған.

- Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді. Жиналған дәлелдер, сараптама қорытындылары және өзге де материалдар негізінде Н.Ғайыпбаевтың өлімі өзіне-өзі қол салу (суицид) салдарынан болғаны анықталды. Үшінші тұлғалардың ықпалымен өзіне-өзі қол салуға итермелеу фактілері анықталған жоқ. Сол себепті, тергеу органымен осы жылдың 17 маусымында сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚПК-нің талаптарына сәйкес тоқтатылды, - делінген прокуратура жауабында.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз