$ 469.49
 552.59
 6.24

«Сатқын»: Баян Алагөзова Мөлдір Әуелбековаға шүйлікті

Редактор
21.04.2026, 09:25
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Баян Алагөзова әншіні «сатқын» деп атап, мұның себебін кейінірек түсіндіретінін жеткізді.

Танымал продюсер Баян Алагөзова әнші Мөлдір Әуелбекованың соңғы жазбасына жауап берді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Күні кеше Мөлдір Әуелбекова «Кешьюдің» есеп беру кешіне қатыспайтынын мәлімдеген еді.

Әншінің бұл шешіміне қатысты продюсер өз пікірін білдірді.

«Мен фильмде оның беделін барынша көтеруге тырысқанымда, ол концертке қатыспайтынын өз бетінше шешті», – деп жазды Баян Алагөзова.

Сондай-ақ ол өзіне құрметсіздік жасалғанын меңзеді.

«Мен енді саған сен үшін жасаған барлық ісіме түкіруге жол бермеймін», – деді продюсер.

Бұдан бөлек, Баян Алагөзова әншіні «сатқын» деп атап, мұның себебін кейінірек түсіндіретінін жеткізді.

«Оның неге шын мәнінде сатқын екенін айтатын уақыт келген сияқты», – деп жазды ол Instagram желісіндегі сторисінде.

Айта кетейік, әнші Мөлдір Әуелбекова KeshYOU тобының концертіне қатыспайтынын айтып, бұл шешімімен шығармашылық өміріндегі бір кезеңді жапқанын жеткізді. Оның сөзінше, 22 жылдық өнер жолында түрлі белестерден өтіп, өзін жеке бренд ретінде қалыптастырған.

Сондай-ақ ол өзіне қолдау білдірген әріптестері мен тыңдармандарына алғыс айтып, биыл 22 жылдық шығармашылығына орай жеке есеп беру концертін өткізетінін мәлімдеді.

«Қисынсыз шоу емес, талғам мен сапаға құрылған өнер кешінде кездесеміз», – деді әнші.