Руслан Желдібай Қазақстан Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Ол бұған дейін Президенттің көмекшісі, баспасөз хатшысы қызметін атқарған. 2026 жылғы қаңтарда ол осы лауазымнан босатылған еді.
Желдібай әр жылдары Президент кеңесшісі, баспасөз хатшысы, Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары, Президенттің баспасөз хатшысы қызметінде жұмыс істеді.