Ресейде жүрген қазақстандық балалардың мәселесі Мемлекет басшысының бақылауына алынған. Бүгін алғашқы 14 баланы Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев мәлімдеді, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.
Адвокаттың айтуынша, Ресейдегі балалардың жағдайына байланысты жасалған өтініш жоғары деңгейде қаралған.
«Өтінішіміз бойынша Ресейдегі балалардың мәселесі тікелей Қазақстан Президентінің бақылауына өтті. Бүгін алғашқы 14 бала Ресейдегі Қазақстан елшілігіне жеткізіледі», – деп хабарлады Мейірман Шекеев.
Осылайша, адвокаттың мәліметінше, балаларға қатысты мәселені шешу бағытында алғашқы нақты қадам жасалмақ.
Әзірге балалардың Ресейде қандай жағдайда болғаны, олардың елшілікке жеткізілу тәртібі және Қазақстанға қашан оралатыны туралы толық ақпарат жарияланған жоқ.
Сондай-ақ бұл мәліметке қатысты Қазақстанның ресми мемлекеттік органдарының түсініктемесі әзірге ұсынылмады.
Оқиғаның мән-жайы мен балалардың алдағы тағдырына қатысты қосымша ақпарат күтілуде.