Мемлекеттік кірістер комитеті адамға бағытталған тәсілді енгізу және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында барлық кеден бекеттері мен кедендік ресімдеу орталықтарында (КРО) «қызыл түйме» жүйесін орнатты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ақпаратқа сәйкес, QR-кодты сканерлеу арқылы азаматтар мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туындаған мәселе бойынша МКК Төрағасына тікелей жүгінуге мүмкіндік алады.
Бұл құрал — кеден қызметтерін алу кезінде туындайтын қиындықтарға жедел әрекет етуге және қызметкерлер тарапынан әдепсіз мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған. Өтінімді беру формасы қарапайым әрі түсінікті, оны бірнеше минут ішінде толтыруға болады. Қалауыңыз бойынша өтінімді анонимді түрде жолдауға мүмкіндік бар. Біз азаматтармен және бизнес-қоғамдастықпен ашық әрі әділ диалог орнатуға ұмтыламыз, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ әрбір келіп түскен өтінім қысқа мерзімде қаралып, тиісті шаралар қабылданатыны атап өтілді.