Шоу-бизнес әлемі

«Құдай маған Дариғаны жібергендей болды»: Олжас Абай жеке өмірі жайлы айтты

16:06, 19 ақпан 2026 29

Танымал актер Олжас Абай актриса Дариға Бадыковаға қатысты жеке өмірі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

«Менің өмірімде он жылдық үзіліс болды. Сол кезде Құдай маған Дариғаны жібергендей болды. Ішімнен оған ризамын», — деді актер.

Сондай-ақ бірге демалғандарын да растады:

«Иә, әрине бірге демалдық. Соңғы екі жылда үнемі біргеміз».

Ал қарым-қатынастарына қатысты:
«Жеке өмір туралы осы жерден тоқтайық. Кім көрді — өзі ойласын», — деп қысқа қайырды.

Оның айтуынша, екеуі жеке өмірін жарияламауға әдейі келісім жасаған.

«Қарым-қатынас бар ма, жоқ па — жарияламаймыз деп келістік. Егер бәрін ашық айтсақ, адамдардың қызығушылығы басылады», — деді актер.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз