Қоғам

«Қазақта қыз қуу болмаған»: Этнограф ұлттық ойындағы өрескел қатені айтып, дабыл қақты

11:17, 16 маусым 2025 20

Этнограф Баяхмет Жұмабайұлы қыз қуу ұлттық ойынының едәуір өзгеріске ұшырағанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Ахметбек Нұрсилаға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

«Қазақ дәстүрінде қыз қуу болмаған. Қазақ әйелді аса құрметтеген. Ол - ойын. Қыз жігітті қуады, басынан ақырын ғана қамшы үйіреді, арқасынан ақырын сипап, қамшыны қағады. Жігіт қызды қуатын болса, ол - намыс. Негізі «Қыз қуар» деп аталады. Мұның дәлелі, осыдан 10-15 мың жыл бұрын сызылған жартастардағы суреттерде, сақтардан, ғұндардан келе жатқан дүниеде сақталған», - дейді ол.

Сондай-ақ, этнограф ғалым бүгінде ұлттық оюлардың ретсіз қолданылып жүргенін де тілге тиек етті.

«Жалпы менің жиғанымда 500 түрлі ою-өрнек бар. Бірақ, соның 300-нің нақты мәліметі бар, 200-нің аты бар, бірақ заты жоқ. Әрбір өрнек қазақтың тілі, жазуы дейтініміз осыдан. Қазіргі ең үлкен кемшілік бізде бас киімге салатын ою-өрнекті аяқ киімге салып, аяқ киімге салатынды киімге салып жатқан, сырмаққа салатын ою-өрнекті түскиізге салып жатқан шатастырулар бар. Оның бәрінің өз орны болған. Соны біз таба алмай отырмыз», — дейді Баяхмет Жұмабайұлы.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз