Шоу-бизнес жаңалықтары

Қазақстанға тағы бір әлемдік деңгейдегі әнші келеді

11:58, 04 тамыз 2025 495

«Астана концерт» компаниясының продюсері Малик Хасенов Қазақстанға әлемге әйгілі әнші Шакира келуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Ол алдымен барша көрермендер мен Астана қаласының тұрғындарына Дженнифер Лопестің концертіне белсенді қатысқаны үшін алғыс айтты.

«Джей Лоның концертіне Астана қаласының әкімдігі мен барша мекемелер атсалысты. Елімізде осындай әлемдік деңгейдегі концерттерге қатысу дәстүрге айналып келе жатыр. Мен сізге бір құпияны айтайын. Біз қазір Шакирамен келіссөз жүргізіп жатырмыз, осы жылдың күз айында концерт өтуі мүмкін», - деді продюсер.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз