Қазақстанда құрылысты бақылау үшін бірыңғай портал енгізіледі. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ол министрлік құрылыста жұмыстың барлық кезеңдерін: жоспарлау, жобалау және объектіні салу процесін бақылауды қамтитын бірыңғай портал құрып жатқанын атап өтті.
Бірыңғай терезе қағидаты бойынша Порталда қажетті қызметтерді алу кезінде салалық жүйелерге жіксіз көшу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
«Қазір жүйе 89 қаланың қалалық жобаларын және инженерлік инфрақұрылымның 92,4%-ын қамтиды. Қала құрылысы қызметінің ашықтығын, қала жобаларын әзірлеу мен іске асырудың сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында министрлік нысанның бірегей нөмірін енгізуді пысықтады. Бұл біріздендіру құжаттардың бастамадан бастап пайдалануға енгізілгенге дейінгі нысаналы мақсатқа сәйкестігін түпкілікті тексеруді қамтамасыз етеді», – деді Қуандық Қажкенов.
Цифрландырудың келесі маңызды бағыты құрылыс кезеңі болып саналады. Құрылыс үдерісін цифрландыру үшін Е-Qurylys құрылысының барлық қатысушылары үшін бірыңғай цифрлық алаң көзделген.
E-Qurylys келесі мүмкіндіктерді қамтиды:
- Атқарушылық-техникалық құжаттаманы жүргізу;
- Біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру;
