Қазақстанда мұнай-газ химиясы саласы туралы жеке заң әзірленеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында химия және мұнай-химия саласын дамыту мәселесі қаралды.
«Мұнай-газ бизнесі өкілдерімен өткен кеңесте мұнай-газ химиясы саласы туралы жеке заң әзірлеу мәселесі көтерілді. Бұл бастаманы қолдаймын. Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс, Ұлттық экономика, Әділет министрліктеріне осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін Үкімет Аппаратына тиісті заң жобасын енгізуді тапсырамын», — деп атап өтті премьер-министр Олжас Бектенов.
«Жылдың тоқсандық қорытындысы бойынша өнім көлемі 12,5%-ға өсіп, 406 млрд теңгені құрады. Осы жылы өндіріс көлемін 5%-ға арттыру көзделген. Жоспар бойынша өсім биылғы іске асырылатын жобалар және тыңайтқыштар мен фосфорды 13%-ға, натрий цианидін 15%-ға, полипропилен өндірісін 32%-ға арттыру арқылы іске асырылатын болады», – деді ол.
Жыл қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 7,7%-ға өсіп, 1,1 трлн теңгеден асты. Саланың негізгі кәсіпорындары ішкі сұраныстың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді және экспорттық әлеуетті дамытады.