Аймақ

Қатты аяз: Алдағы күндері ауа райы қандай болады

12:18, 25 ақпан 2026 16

«Қазгидромет» РМҚ 26-28 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Кең ауқымды аязды антициклон Қазақстанның басым бөлігінде өз ықпалын сақтайды, температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп болжанады. Тек оңтүстік өңірлерде жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде жауын-шашын мол болуы мүмкін, негізінен жаңбыр түрінде. Сондай-ақ жел күшейіп, көктайғақ құбылыстары байқалады, — делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамынша, оңтүстік облыстарда ауа температурасы түнде 10–17 градус аязға дейін төмендейді, Түркістан облысында 2–10 градус аяз болады. Күндіз 2–12 градус аяз болады деп болжанған.

Республика бойынша тұман күтіледі.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз