Қарағанды облысында көктемгі су тасқыны нәтижесінде бес негізгі су қоймасы: Ынтымақ, Жартас, Жезді, Ащысу және Шоқай су қоймалары 100% толды. Самарқанд су қоймасы 87%-ға толтырылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, өңірдің су қоймалары 328 млн текше метр су жинаған. Қазір «ҚазСуШар» Қарағанды филиалы суару кезеңіне дайындалып жатыр.
Су беруге өтінімдер жинау және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен шарттар жасасу жүргізіліп жатыр. Каналдарды тазалау, суды есептеу аспаптарын орнату және гидробекеттерді тексеру жүргізіледі.
Қарағанды филиалы нысандарындағы көктемгі су тасқыны штаттық режимде өтті. Су тасқыны кезеңі келеңсіздіктерсіз өтті, бұл алдын ала жүргізілген дайындық шараларының нәтижесі, – деді «ҚазСуШар» РМК Қарағанды филиалы директорының міндетін атқарушы Мүслім Аққожин.