Қоғам

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару мен жабдық тәркіленді

11:25, 10 маусым 2025 108

2-6 маусым аралығында елімізде республикалық «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Нәтижесінде:

  • заңсыз айналымнан 400 қару, сонымен қатар 2,5 мыңнан астам оқ-дәрі және алты жарылғыш зат алынды;
  • 40 қару қоймасы анықталды; 
  •  қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару және полицияның арнайы жабдықтары тәркіленді, оның ішінде екі Калашников автоматы, төрт тапанша, төрт мылтық, қызметтік бронежилеттер, каскалар мен щиттар бар;
  • азаматтар тарапынан 87 қару өз еркімен тапсырылды.

29 мыңнан астам азаматтық қару тексеріліп, 845 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлері 10 мыңнан астам шаруа қожалықтарын тексеріп, әртүрлі 65 қару тәркіледі, - деді ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз