Шымкентте 11 қаңтарда пышақталған 21 жастағы қыздың туған ағасы Сұлтан оқиғаға қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
«Шынымызды айтсақ, қан жылап отырмыз. Біз әр жаңалықты оқып отырамыз, қолдау көрсетіп жатқан жандарға алғысымыз шексіз», – деді ол.
Сұлтанның айтуынша, қазіргі кезде олардың қолынан тек іс бойынша адамға максималды мерзім беру ғана келеді. Қарындасы ең ақылды, сабырлы, тұйық, жуас қыз болғанымен, өзіне бағытталған қауіпті толық түсінбеген.
Ағасының сөзінше, күдікті сталкерлік әрекеттер жасаған.