Шоу-бизнес әлемі

«Қайраттың тоқалы Қазалының қызы»: Гүлзира Айдарбекова ұлының «екінші жанұясы» туралы айтты

15:48, 26 тамыз 2025 1846

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасқа қатысты жалған ақпарат таратқан адамды сотқа беретінін мәлімдеді, деп жазады bairaqmedia.kz.

«Қайратттың екінші отбасы бар. Қызылорда облысы, Қазалы ауданының қызы. 2022 жылы үйленді», – деп жазған желі қолданушысы.

Айдарбекованың айтуынша, әлеуметтік желі қолданушысы әншінің жеке өміріне байланысты шындыққа жанаспайтын пікір жазған. Продюсер бұл әрекетті жала деп бағалап, заң аясында жауапқа тартуды көздеп отыр.

«Осы сөзіңіз үшін жауап бересіз. Бәрін дәлелдейсіз. Осындай жала жапқаның үшін сотқа беремін. Дайын бол. Фейк аккаунтты да табу қиын емес», – деп жазды продюсер.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз