Президент Канада премьер-министрін құттықтады

Редактор
1 мая 2025 г., 19:01
Президент Канада премьер-министрін құттықтады

Мемлекет басшысы Канаданың премьер-министрін құттықтады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев федеральдық сайлауда Канада Либералдар партиясының жеңіске жетуіне орай Премьер-министр Марк Карниге құттықтау жеделхатын жолдады.
 
Мемлекет басшысы Астананың Оттавамен көпжоспарлы серіктестікті жоғары бағалайтынын атап өтті. Сонымен қатар экономиканың түрлі секторындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.