Павлодарда әскери бөлімде атыс болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Атыс салдарынан тағы бір әскери қызметкер жарақат алды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, оқиға келісімшарт негізінде қызмет ететін әскери қызметшілер арасында болған.
"Алдын ала мәліметтерге сәйкес, келісімшарт бойынша әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан оқ атқан, салдарынан өзі оқиға орнында қаза тапты, тағы бір келісімшарттағы әскери қызметші жарақат алды", – деп хабарлады ІІМ.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.