Аймақ

Павлодар облысында әкім жедел жәрдем қызметкерін ұрып жықты

15:35, 03 қазан 2025 27

Павлодар облысында ауыл әкімі мен фельдшер арасында жанжал болғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.
 
Қоянды ауылдық округінің әкімі медицина қызметкеріне дене жарақатын келтіріп, осыған байланысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабар тарады.
 
Алайда Павлодар облыстық полция департаментінде іс қозғалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
 
"Әлеуметтік желілерде ауылдық округ әкімі мен фельдшер арасындағы жанжал туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл оқиға кешкі уақытта, олардың қызметтік міндеттерін атқару кезінен тыс мезгілде, салтанатты іс-шара барысында болған", - деп жазылған хабарламада.
Полицияда түсіндіргендей, жағдай тұрмыстық сипатта болған, кәсіби қызметке еш қатысы жоқ. Сол себепті тараптар өзара татуласып, бір-біріне ешқандай арыз-шағым білдірмеген.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз