Өнер иесінің сөзінше, жолдасы Бақытжан оның шығармашылығына әрдайым қолдау білдіріп, түсіністікпен қараған.
«Жолдасым Бақытжан түсінігі мол, кең жүректі жан еді. Менің шығармашылығыма әрдайым қолдау білдіріп, түсіністікпен қарайтын. Таңғы 5-те келсем де, ешқашан ауыр сөз айтқан емес. Бір күні 40 күнге іс-сапарға кеттім, қызымды күйеуіме тастап. 40 күннің ішінде күйеуім жүдеп кеткен. Сондай мықты ер азаматты қор қылып жүрмін деп ойладым. Тамағын да уақытылы ішпейді. Үйде күтіп отыратын әйелі болу керек еркектің. 2 жыл ойланып, осындай шешімге келдік», – дейді әнші.
Сонымен қатар Майра Ілиясова өнер жолынан бас тарту өзіне оңай болмағанын айтты.
«Мен өнерді тастап кете алмадым. Өмір солай өрбіді. Оған өзіне лайықты жан табуы керектігін айттым. Қазір де араласамыз. Оның отбасы, ұлы бар. Бәрі жақсы», – деді әнші.