$ 470.28
 537.53
 5.99

Оман жағалауында кеме өртеніп кетті

Редактор
20.07.2026, 21:40
Ашық дереккөз
Ашық дереккөз
Кемеге снаряд тиген.

Оманның Кумзар елді мекенінен солтүстік-батысында тұрақтаған кемеде шыққан өртке снарядтың тиюі себеп болған, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Бұл туралы Ұлыбритания Әскери-теңіз күштерінің Теңіз сауда тасымалдарын үйлестіру орталығы (UKMTO) таратқан жаңартылған мәліметте айтылған.

«Компанияның қауіпсіздікке жауапты қызметкері кемеге белгісіз снарядтың тигенін растады. Экипаж мүшелері кемеден аман-есен эвакуацияланып, буксирдің көмегімен құтқарылды. Өрт әлі толық сөндірілген жоқ, қазіргі уақытта кеме теңізде еркін қалқып бара жатыр», – деп нақтылады үйлестіру орталығы.

Кеменің түрі мен экипаж мүшелерінің саны әзірге нақтыланбаған.