Экономика

Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

15:07, 17 мамыр 2025 33

Премьер-министр Олжас Бектенов сарапшылармен өткізген кездесуде экономиканы дамытудың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Экономистер әлем нарығындағы қазіргі ахуал туралы сараптамалық пікірлерімен бөлісті, сондай-ақ ұлттық экономикаға әсер ететін үрдістерді атап өтіп, экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша алдағы жұмыстарға қатысты бірқатар ұсыныс білдірді.

Инвестиция, сауда және өңдеу өнеркәсібі салаларына назар аударылды. Сонымен қатар Үкіметтің тиімділікке баса назар аудара отырып, басымдық берілмеген шығыстарды оңтайландыру және қаражатты маңызды бағыттарға қайта бөлу жөніндегі қызметі қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша премьер-министр Ұлттық экономика министрлігіне айтылған ұсыныстарды пысықтауды тапсырды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз