$ 471.45
 547.21
 6.63

Оқушылардың қорытынды емтихан тапсыру мерзімі бекітілді

Редактор
22.05.2026, 09:15
Фото: Оқу ағарту министрлігі
Фото: Оқу ағарту министрлігі
Аттестат тапсыру салтанаты 17–18 маусым аралығында өтеді. 

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 9-сынып оқушыларының үшін қорытынды емтихандары 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Олар міндетті пәндер бойынша төрт жазбаша емтихан тапсырады.

11-сынып түлектеріне арналған мемлекеттік емтихандар 2 маусым мен 15 маусым аралығында өтеді. Оқушылар бес емтихан тапсырады, оның бірі ауызша түрде өтеді.

Аттестат тапсыру салтанаты 17–18 маусым аралығында өтеді. Шара мектеп басшысының бұйрығы негізінде, ата-аналар комитетімен келісу арқылы мектеп ғимаратында ұйымдастырылады.