Журналист Жанат Жақсыбайқызы Атырауда болған қанды оқиғаға күдікті Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Оның айтуынша, қазіргі уақытқа дейін күдіктінің туыстары онымен кездесе алмаған. Тергеу амалдарына байланысты құзырлы органдар тарапынан рұқсат берілмеген.
Сондай-ақ, марқұм Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиеваның балаларына қатысты жағдай да белгілі болды.
Журналисттің мәліметінше, туыстары балалар үйіне барып, ұл-қыздарын көрмек болғанымен, заң талаптарына сәйкес кездесуге мүмкіндік берілмеген.
Соңғы деректерге сүйенсек, Ақбаян Мұқанғалиева Алматы қаласына жеткізілген. Қазіргі таңда ол жүйке ауруларын ғылыми зерттеу орталығында жатыр.
Жанат Жақсыбайқызының атап өтуінше, іс бойынша тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. Қосымша ақпараттар сот процесі барысында жария етіледі.