Шоу-бизнес әлемі

Мұқасан Шахзадаевтан оңбай таяқ жеген әнші күтпеген жаңалығын айтты

10:24, 17 желтоқсан 2025 17

Жаңадан құрылған “Нұр-Мұқасан” тобының жаңа әні жарық көрді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Топтың Instagram-дағы ресми парақшасында Ғалымжан Сүлеймен “Сен жоқ жерде” атты жаңа әнге түсірілген жаздық бейнесниппет жарияланды. Туындының әуенін Арман Дүйсенов жазса, мәтінінің авторы – Ринат Зайыт.

“Ал ағайын, қабыл алыңыздар, сіздерге Арман Д. әніне, Ринат З. сөзіне жазылған “Сен жоқ жерде” әніне жазда түсірілген келесі (сниппет) видеомызды тарту ете отырайық. Барлығыңызға алғысымыз шексіз, осы күнге дейін қолдауларыңызды сезіндік. Нұрлан Қонысбай, Ғалымжан Сүлеймен бауырларыңыздан”, – деп жазылған жазбада.

Желі қолданушылары өнер иелерін жарыса құттықтап жатыр.

“Керемет”, “Ғалымжанның дауысы ерекше, Нұрлан екеуі керемет дуэт. Жаңа әндерің көп болсын, хит болсын”, “Керемет дауыс иелері, өте жоғары деңгейде орындап шықтыңыздар, тыңдай бергіміз келеді”, “Керемет дуэт, Ғалымжанның дауысы, ән айту мәнері ерекше, Нұрлан екеуінің дауысы үйлесімді”, – деп жазған олар.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз