Бүгін, 17 желтоқсан күні таңғы сағат 07:38-де Алматыдан Астанаға қарай бет алған «Эйр Астана» компаниясының ұшағында төтенше жағдай орын алып, экипаж апат сигналын таратқан, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Азаматтық авиация комитетінің мәліметіне сүйенсек, жолаушылар арасында жараланғандар жоқ.
«Қазаэронавигация» Әуе қозғалысын жоспарлайтын бас орталықтың ақпаратына сәйкес, ұшақтың ішінде түтін пайда болған. Сондықтан, экипаж MAY-DAY апаттық сигналын жариялаған», - деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.
Ұшақ сағат 07:40-та Алматы әуежайына қонған.