Шоу-бизнес әлемі

«Менің болашақ жарым»: Мөлдір Әуелбекова көпшілікті ойландырып қойды

10:44, 29 тамыз 2025 133

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты жазбасымен көпшілікті қызықтырды, деп жазады bairaqmedia.kz.

Әнші болашақ жарына арналған әсерлі жазбасын парақшасында бөлісті. 

«Тамыз… Дәл осы кезде, әдемі қызды байқамай жүрген, мүмкін дәті жетпей жүрген менің болашақ жарым бар шығар деп ойлаймын…» – деп жазды ол.

Көпшілік Мөлдірдің жазбасына түрлі пікір қалдырды. Бірі қолдап, жылы лебізін білдірсе, енді бірі сынап тастады.

«Несі бар, жас, әдемі, жүрегінің жартысын табар», – деп пікір қалдырғандар болса, кейбірі «Тағы бай керек пе?», «Ертең балаларыңа тиіссе, тағы да бай іздейсің бе?» деген сыни пікірлер жазды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз