$ 470.28
 537.53
 5.99

Мемлекеттік академиялық би театрына Болат Аюхановтың есімі берілді

Редактор
21.07.2026, 08:00
Ашық дереккөз
Ашық дереккөз
Шешім Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қабылданды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театры енді оның негізін қалаушы, көрнекті хореограф Болат Аюхановтың есімімен аталады, деп хабарлады Bairaqmedia.kz.

Болат Аюханов – Қазақстандағы камералық балет өнерінің негізін қалаған бірегей тұлға. Ол 1967 жылы «Алматының жас балетін» құрды. Кейін бұл өнер ұжымы ел ішінде ғана емес, шетелде де кеңінен танылып, Кеңес Одағы республикаларында, Еуропа мен Скандинавия елдерінде өнер көрсетті.

Театр ұжымы ондаған жыл бойы хореограф қалыптастырған шығармашылық мектептің дәстүрін жалғастырып келеді.

Бүгінде Болат Аюхановтың қойылымдары ұлттық хореография өнерінің алтын қорына енді. Ұстаздық жолында талай дарынды әртісті тәрбиелеген ол тұтас бір буынның кәсіби қалыптасуына еңбек сіңірді.

Театрдың 60-маусымының ашылу қарсаңында Болат Аюхановтың есімінің берілуі ерекше мәнге ие. Бұл – көрнекті хореографтың қазақ балет өнеріне сіңірген еңбегіне берілген жоғары баға.

2027 жылы театрдың құрылғанына 60 жыл толады. Мерейтой қарсаңында театр ұжымы өнер иесінің мол шығармашылық мұрасын жалғастырып, ұлттық балет мектебінің озық дәстүрлерін сақтап келеді. Ұжым классикалық, ұлттық, неоклассикалық және заманауи хореография бағыттарын да жүйелі түрде дамытып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау