Қоғам

«Мал бағып жүрген күйіне қайта түсіпті»: Руслан Өтепбай Құндыз бен Назгүлдің жағдайын білді

09:30, 13 қаңтар 2026 58

Журналист Руслан Өтепбай құлдықтан босап, қазір Тараз қаласында тұрып жатқан апалы-сіңілі Құндыз бен Назгүлдің жағдайын біліп, жаңа жылдарымен құттықтады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

«Құндыз бен Назгүлдің жағдайынан хабар алу үшін араға төрт ай салып, Таразға келдім. Қос қарындасымды көріп, жаңа жылдарымен құттықтап, сөйлесіп қайттым. Құндыз бен Назгүл сіздерге сәлем айтып жатыр», – деп жазды ол.

Сондай-ақ журналист Қытайдан арнайы алып келген сыйлықтарын табыс етті. Әсіресе, Құндызға сыйланған микрофон қатты ұнап, ол «Таңғы елес» әнін орындап берді.

Сонымен қатар әлеуметтік желі қолданушылары қыздардың қазіргі жағдайына алаңдаушылық білдіріп, бұрынғы қалыптарына қайта түскенін жазып жатыр.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз