$ 469.83
 536.83
 5.97

Құрылтай сайлауы: Тамара Асар мен Аша Матай енген партиялық тізім тіркелді

Редактор
20.07.2026, 11:37
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
ҚХП сайлау жарнасынан босатылып отыр. 

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Халық партиясы ұсынған кандидаттардың тізімін тіркеді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Қазақстанның Халық партиясы алдағы сайлауға 72 кандидатты ұсынып отыр. Орталық сайлау комиссиясы барлық кандидатты тіркеп, партия өкіліне кандидаттардың арнайы куәліктерін тапсырды.

ҚХП-ның тізімінде бұрынғы депутаттардан Ирина Смирнова, Асылбек Нұралин мен Кенжеғұл Сейітжан бар. Ал танымал адамдардың арасынан әнші Тамара Асар мен Аша Матайды атап өтуге болады.