2026 жылдың мамыр айының соңында қазақстандықтар қосымша демалыс күніне ие болады. Бұл Құрбан айт мерекесінің алғашқы күніне байланысты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жариялаған күнтізбеге сәйкес, 2026 жылы Құрбан айт 27-29 мамыр аралығында атап өтіледі. Мерекенің бірінші күні – 27 мамыр, сәрсенбіге түсіп отыр. Осыған байланысты аталған күн Қазақстанда ресми түрде демалыс күні болып саналады.
Бес күндік жұмыс кестесімен еңбек ететін азаматтар үшін жұмыс және демалыс күндері былай бөлінеді:
Ал алты күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтіндер үшін де 27 мамыр демалыс күні болады.