Әнші Алтынай Жорабаева болашақ құдаларымен алғаш кездескен сәтімен бөлісті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Өнер иесі бұл күннің өзі үшін ерекше болғанын айтып, ақ дастархан басында өткен жылы жүзді кездесудің әсерімен бөлісті.
«Балапандарымызға тағдырдың тартуы тек тәтті болсын. Бала қуанышы – ата-ана үшін ең үлкен бақыт», – дейді әнші.
Сондай-ақ ол алдағы уақытта құда-құдағи атанғалы тұрғанын айтып, көпшілікті жастарға ақ тілегін арнауға шақырды