$ 456.56
 530.52
 5.28

Қостанайдағы депода оқыс жағдай: 13 жастағы баланың денесінің 70 пайызын күйік шалды

Редактор
07.09.2026, 08:58
ЖИ көмегімен жасалынған
ЖИ көмегімен жасалынған
Қостанайда тоқ соққан 13 жастағы бала жансақтау бөлімінде жатыр

Қостанайда ауыр электр жарақатын алған 13 жастағы жасөспірім жансақтау бөліміне түсті. Әлеуметтік желілерде баланың еміне қаражат жинау туралы ақпарат тарады, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Жарияланған мәліметке сәйкес, оқиға Қостанай әуежайы маңындағы локомотив депосының аумағында болған. Жасөспірімді электр тогы соғып, денесінің шамамен 70 пайызын күйік шалған.

Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасы баланың жағдайы ауыр екенін растады.

«Бала жансақтау бөлімінде жатыр. Қажетті ем-дом көрсетіліп жатыр. Қазіргі уақытта қан компоненттерін құюды қажет етпейді», – деп хабарлады ведомство.

Әлеуметтік желі қолданушылары зардап шеккен баланың отбасына ем-дом мен басқа да қажеттіліктерге байланысты қаржылай көмек көрсетуге шақырып жатыр.