Қостанай облысындағы тас жолда болған жол апаты төрт адамның өмірін қиды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Облыстық полиция департаментінде ақпаратты растап, қайғылы оқиға "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" тас жолында болғанын хабарлады.
Жол апаты және Mercedes-Benz көлігі мен VAZ 2107 көлігінің қатысуымен болған.
"Адам өліміне әкеп соққан апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала ақпарат бойынша, Mercedes-Benz 200 жүргізушісі қарсы қозғалыс жолына шығып кетіп, бетпе-бет соқтығысқан. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полицияда.
Сондай-ақ департамент жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолда аса сақ болуға шақырады.