Қостанай – Қарабұтақ автожолының Жайылма ауылы маңында Chevrolet Cobalt және Jetour X70 көліктерінің соқтығысуы бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
Апат салдарынан бір көліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Қалған бес жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 22 шілде күні таңғы сағат 04:00 шамасында болған.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.