$ 462.87
 540.72
 6.16

Қазақстан әншісі Voice Beyond Horizon халықаралық жобасының жеңімпазы атанды

Редактор
24.04.2026, 11:33
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот
Жоба Димаш Құдайбергеннің бастамасымен іске асты

Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақстандық талантты әнші Нұржас Садырбаевты "Voice Beyond Horizon" халықаралық жобасындағы жарқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Ол Нұржастың таланты, еңбегі мен сахнадағы шеберлігі әлемнің әр елінен келген қатысушылар арасында ерекше танылып, лайықты түрде жоғары бағаланғанын атап өтті.

"Қытай, Қазақстан, Малайзия, Сербия, Италия және Қырғызстан елдерінен келген қатысушылар Қазақстанның киелі жерлерін бірге аралап, халқымыздың мәдениетімен, тарихымен және еліміздің бай табиғатымен танысты", - деп жазды Балаева.

Министр өнер жолында табанды еңбек етіп, еліміздің мәдениетін әлемге танытып жүрген жас дарын иесіне алдағы уақытта да жаңа шығармашылық жетістіктер тіледі.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайбергеннің бастамасымен іске асқан жоба Түркістан қаласында бастау алып, Ақтау мен Алматыда жалғасып, елордада қорытындыланды.