Қоғам

«Жоғалғандар төртеу емес, алты адам»: Атыраудағы жұмбақ жағдайға қатысты жаңа дерек шықты

10:21, 05 қаңтар 2026 838

Атырауда тұтас бір отбасы із-түзсіз жоғалып кеткен. Журналист Гүлмира Әбіқайдың жазуынша, жоғалғандар саны төртеу емес, алты адам болуы мүмкін, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Туыстарының айтуынша, алдымен жалғыз ұлы Наурыз «жұмыс таптым» деп хабарсыз кеткен. Кейін «дәрігерге барамыз» деген отбасы үйге қайта оралмаған. Үйі, малы, азық-түлігі сол күйі қалған.

Ең таңқаларлығы — қараша-желтоқсандағы зейнетақы мен жәрдемақылар толық шешіліп алынған.

Полиция іздестіруді тек 29 желтоқсанда жариялаған.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз