Спорт

Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына ілікті

09:12, 03 желтоқсан 2025 58

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдарының чемпионы Жәнібек Әлімханұлының қанынан допинг табылды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

BoxingScene басылымының хабарлауынша, ерікті допингке қарсы қауымдастық (VADA) боксшының допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний дәрілік затын тапқан.

Боксшының өзі бұл жаңалықты естіп, таңғалғанын айтты.

"Мен әрқашан таза спортты қолдаймын. Мұны жақсы білесіздер. Мен таза спортты насихаттап жүргенімді де білесіздер. Жаңалықты оқып таңғалып отырмын. VADA бірінші рет анализ алып, бәрі таза деп еді. Мен витаминдеріме де, тамағыма да ешқандай өзгеріс енгізбедім. Екінші рет тесте неге мұндай болғанын түсінбей отырмын, біз қайта анализ тапсыруға өтініш айттық. Жауабын күтіп отырмыз!", - деп жазды Әлімханұлы.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз