Астанадағы медицина саласында жұмысшыларға еңбекақы мен әлеуметтік төлемдер уақтылы төленбеген, деп хабарлайды бас прокуратура.
Прокуратура Алматы ауданындағы денсаулық сақтау ұйымдарында тексеру жүргізген.
"Нәтижесінде жұмысшыларға жалпы сомасы 90 млн теңгеден асатын міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдар, сондай-ақ 15 млн теңгеден астам ынталандыру сыйақылары төленбеген", - дейді ведомстводағылар.
Прокуратура араласқан соң берешек толығымен өтелген.
Кінәлі лауазымды мамандар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.