$ 485.95
 565.74
 6.83

Халық әртісі Роза Рымбаева ұлдарынан ерекше сыйлық алды

Редактор
30.05.2026, 09:36
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Күтпеген тосынсыйға риза болған әнші толқып, көз жасына ерік берді. 

Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева шығармашылық жолындағы 50 жылдық мерейтойы қарсаңында ерекше сыйлыққа ие болды. Өнер иесінің ұлдары – Әли Оқапов пен Мәди Рымбаев анасына жаңа автокөлік тарту етті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Әли Оқапов әлеуметтік желіде жариялаған видеода Роза Рымбаеваға автосалонда жол талғамайтын көліктің кілті табысталғаны көрсетілген.

Ұлы анасын мерейтойымен құттықтап, бұл сыйлықтың оның өнердегі елеулі еңбегіне деген құрмет екенін атап өтті.

Күтпеген тосынсыйға риза болған әнші толқып, көз жасына ерік берді. Желі қолданушылары да өнер иесін құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.