Алматының экс-әкімі Ерболат Досаев "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингінің директорлар кеңесі құрамынан шықты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz KASE деректеріне сілтеме жасап.
Қор биржасында жарияланған құжатқа сәйкес, директорлар кеңесінің құрамына өзгеріс енгізу туралы шешім 7 сәуірде қабылданған.
Айта кетейік, Ерболат Досаев аталған холдингтің директорлар кеңесіне осы жылдың қаңтар айында енген болатын.
Еске салсақ, наурыз айының соңында ол президент әкімшілігіндегі қызметінен босатылды. Ал сәуірдің басында "Самұрық-Қазына" қоры директорлар кеңесіндегі өкілеттігін тоқтатқаны белгілі болды.