"Қазгидромет" синоптиктері 16 қазанға ауа райы болжамын ұсынды. Оған сәйкес, еліміздің 15 облысында күн райы бұзылады деп күтілуде, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде сынап бағаны 1-6 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Алматыда 16 қазанда түнде сынап бағаны 1-3 градус, Қонаевта сынап бағаны 4-6 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде сынап бағаны 4-9 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі.
Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде соққан желдің кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп күтіледі.