$ 469.52
 553.75
 6.15

Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирдің чемпионы атынды

Редактор
20.04.2026, 09:44
Фото: getty images
Фото: getty images
Рыбакина үшін Штутгарттағы жеңісі оның мансабындағы 13-ші және 2026 жылғы маусымдағы екінші титулы болды. 

Әлемдегі екінші орындағы қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өткен WTA-500 турнирінің титулын жеңіп алды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Ол финалда чехиялық Каролина Мухованы (12-ші орын) 7-5, 6-1 есебімен жеңді.

Теннисшілер кортта 1 сағат 19 минут өткізді. Матч барысында Рыбакина қос қате жібермей, үш рет эйс жасады және сегіз брейк-пойнтының төртеуін дәл соқты. Каролина Мухова бір эйс жасады, қос қате жібермеді және матчтағы жалғыз брейк-пойнтын дәл соқты.

Әлемдегі екінші "ракетка" өзінің автопаркі енді лимон түсті Porsche 911 Carrera S көлігімен толықты – 2024 жылы ол Porsche Taycan 4S Sport Turism көлігін жеңіп алған.

Рыбакина үшін Штутгарттағы жеңісі оның мансабындағы 13-ші және 2026 жылғы маусымдағы екінші титулы болды. Қазақстандық теннисші бұған дейін 2026 жылғы Австралия ашық чемпионатын жеңіп алған болатын.